Палестина мен Израиль арасы шиеленісе түсті
Палестина Израильмен бірге «Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» туралы келісімнен шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған Израиль қарулы күштерінің жуырдағы әскери операциясы түрткі болды. Соның салдарынан 9 адам көз жұмды. Ел Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, олар аймақтағы ахуалды ушықтырудан аулақ. «Бірақ кез келген қауіпке қарсы тұруға дайын болуымыз керек», - дейді.