Африка фермерлері көмек сұрады

Африка фермелерінің жағдайы қиындап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украина мен Ресей арасындағы қарулы қақтығыстар бұл елге де кесірін тигізіп, қажетті тыңайтқыштардың жеткізілуін тежеді. Аталған мәселе Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан 3 күндік өндіріс қауіпсіздігі саммитінде талқыланды. Мемлекет басшысы Маки Саллдың сөзінше, Африка өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылу керек. Көкөніс өсіру, егістік алқаптарын суару, тыңайту жұмыстарына қосымша қаражат бөлінуі тиіс. Статистикаға көз жүгіртсек, Сахараның оңтүстігіндегі елдерде азық-түліктің 80%-тін шағын фермалар өндіреді екен.