АҚШ-та қара нәсілдіні өлтірген полицейлерге айып тағылды
АҚШ-та нәсілшілдікке қатысты қайта дау туындады.
Теннеси штатында полицияның бес қызметкеріне кісі өлтіргені үшін айып тағылды. 7-қаңтарда Мемфис штатында полиция патрулі көлікті қауіпті жүргізгені үшін 29-жастағы қара нәсілді Тайри Николсты тоқтатпақ болған. Алайда ол бұйрыққа көнбей, қаша бастады. Қуып ұстаған тәртіп сақшылары Тайри Николсты көліктен шығарып, аяусыз таяққа жыққан. Ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген ол үш күннен кейін қайтыс болды. Осындай оқиғалардан бұл істің бір ерекшелігі Тайри Николсты ұрған бес полицейдің бәрі – қара нәсілді. Дегенмен бұл қауымның наразылығын тудырып, Мемфис пен Нью-Йорк қалаларында наразылық шерулер өтті. Ал Теннеси штатының билігі 2020-жылы Джордж Флойдтың өлімінен кейін болған жаппай тәртіпсіздіктің басталуынан қауіптеніп отыр. Дүкен иелері өз мекемелерінің терезелері мен сөрелерін шегелеп, бекітіп жатыр. Ал Тайри Николстың анасы штат тұрғындарын сабырлыққа шақырды. АҚШ президенті Джо Байден де жұртты наразылығын бейбіт түрде білдіруге үндеді.