Ұлыбританияда жұмсақ ойыншықтарға сұраныс артты
Ұлыбританияда жұмсақ ойыншықтарға сұраныс қатты артқан. Былтыр сатылым деңгейі 30% өскен.
Сұраныстың артуына байланысты биыл жұмсақ ойыншықтың 250 жаңа түрін шығару жоспарлануда. Образдар арасында «Дисней» мультфильмдерінің, Хәрри Поттер туралы фильмдердің және «Жұлдызды соғыстар» комикстерінің кейіпкерлері бар. Сарапшылар жұмсақ ойыншықтардың дағдарыс кезінде де танымал болуы олардың көңіл көтеретін қасиетіне байланысты дейді. Оның үстіне, өнімдер экологиялық жағынан таза шикізаттан жасала бастаған.