Үндістанда 2 әскери ұшақ соқтығысты
Үндістанда жаттығу кезінде екі әскери ұшақ соқтығысып қалды. Су-30 үлгісіндегі жойғыш ұшақта 2 пилот, ал Мираж-2000 үлгісіндегі өзге ұшақта 1 пилот болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұшқыштар катапульта қосып, секіруге үлгерген. Алайда біреуі ауыр жарақат алып, көз жұмды. Апатқа не себеп болғаны әзірше белгісіз. Бұл оқиға бойынша тергеу басталып кетті.