Ауғанстанда аяздан 170 адам көз жұмды
Ауғанстанда аяздың беті қайтар емес. Кейінгі екі аптада 170 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Марқұмдардың дені – ауылды аймақ тұрғындары мен малшылар. Биыл елді қытымыр қыс қыспаққа алды. Кейінгі 15 жылда мқндай үскірік аяз болмаған. Салдарынан 80 мың бас мал қырылып қалды. Қалың қар түсіп, кейбір өңірге қатынау мүмкін болмай тұр. Тіпті кей тұрғындар жолда қалып қойып, көз жұмған.