Ердоған Швецияға қыр көрсетті
Түркия Финляндияның НАТО-ға кіруі бойынша Швецияны таң қалдыратындай шешім қабылдауы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Президент Режеп Тайып Ердоған жасады.
Финляндия мен Швеция былтыр мамыр айында НАТО-ға кіруге өтініш білдірген еді. Бірақ Анкара екі мемлекетке бірқатар талап қойды. Соның салдарынан олардың одаққа мүше болуы тежелді. Өткен аптада даниялық саясаткер Анкараның ұстанымына қарсылық танытып, Стокгольмде құран жақты. Бұл екі ел арасындағы қатынасты ушықтырып жіберді.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
- Егер қажет болса біз Финляндияға басқаша жауап беруіміз мүмкін. Біздің шешім жариялағанда Швеция ұятқа қалуы ықтимал. Бірақ Финляндия Швеция билігінің қателігін қайталамауға тиіс.