Әзербайжан билігі Тегерандағы елшілік қызметкерлерін отанына қайтарды
Әзербайжан билігі Тегерандағы елшілігінің қызметкерлері мен олардың туыстарын отанына қайтарды.
Еске салып кетсек, өткен жұмада қарулы адам елшілікке шабуыл жасап, күзетшіні атып өлтіріп, тағы екі адамды жаралған. Ресми Баку бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп атады. Иран билігінің өкілдері бұл шабуылдың саяси астары жоқ дейді. Жалпы соңғы кезде екі ел арасы, суып кеткені белгілі. Иранда 15 млн-нан 30 млн-ға дейін әзербайжандық тұрады. Бұл елде ұлттық құрамы бойынша санақ өткізілмейтіндіктен нақты саны белгісіз. Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов Тегерандағы елшілік жұмысын, толық тоқтатқаныны мәлімдеді. Онда ғимарат пен елшілік меншігін күзететін, бес адам қалды.