Израильде үкіметке қарсы ереуілдер жиілеп барады
Тель-Авивтің орталық көшелерінде мыңдаған адам наразылық акциясын ұйымдастырды.
Шара қатысушылары қазіргі премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың сотқа қатысты жаңа реформаларына қарсылық білдірді. Өзгеріске сәйкес, енді Жоғары сот өкілеттілігі шектеліп, үкімет сот қызметкерлерін іріктеуді өз құзыретіне алмақ. Сондай-ақ, халық: «демократия болуы үшін жаңа үкімет қажет» дейді.
Айта кетейік, Израильде 3 апта бойы, әр сенбі осындай ауқымды наразылық шаралары өтуде.