Пәкістандағы Пешавар қаласында мешітте жарылыс болды
Пәкістандағы Пешавар қаласында мешітте жарылыс болып, 34 адам қаза тапты.
Тағы да 150 адам жараланды. Қайғылы оқиға кезінде мешіт ішінде 250-ден аса адам болған. Олардың көбісі - полиция қызметкерлері. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жанкешті лаңкес өзін-өзі жарып жіберген. Әзірге ешбір ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Ауғанстанмен шекаралас осы өңірде Тәлібан жасақшылары белсенді әрекет етіп жүр. Бұл ұйымға елде ресми түрде тыйым салынған.