Испания мигранттар тұратын қалашық өртенді

 

Испанияның оңтүстігіндегі Нихара қаласында мигранттар тұратын қалашық өртенді.

200-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бүгін қала Кеңесі осы қалашықты бұзып тастау жөнінде шешім шығарды. Сот үкімінде заңсыз салынған үйлердің әбден тозығы жеткені айтылған. Мұнда Африкадан келген мигранттар мекендейді. Олар осы өңірдегі фермаларда жалданып жұмыс істейтін. Жүздеген лашықтан тұратын қалашық осыдан 15 жыл бұрын салынған.