Оңтүстік Корея халқының көбісі ядролық қару өндірісін қолдайды
Оңтүстік Корея халқының 75% астамы елде ядролық қару өндірісін қолдайды. Жуырда ел ішінде жүргізілген сауалнама қорытындысы осыны көрсетті.
Азаматтар, жаппай қырып-жоятын қаруға ие болу Пхеньян тарапынан төнген қауіпке төтеп беруге мүмкіндік береді деп санайды. Өйткені тұрғындар, Солтүстік Корея өз еркімен ядролық қарудан бас тартуы екіталай деген пікірде. Бұған дейін ресми Сеул, Корей түбегіндегі ахуал күрделене түссе жойқын қару өндірісін қолға алуға дайын екенін мәлімдеді.