ЕО жасыл энергиядан қыруар қаржы үнемдеді
Еуроодақта баламалы қуат көздерін пайдалану қарқын алып келеді.
Былтыр электр қуатының шамамен төрттен бірі жасыл энергия көздерінен өндірілген. Ал көгілдір отыннан алынған қуат көлемі 20 пайызды құрапты. Нәтижесінде газға қарағанда баламалы энергияны пайдаланудың үлесі артып, миллиардтаған доллар үнемделген. Эмбэр ((Ember)) сараптама орталығының есебі бойынша Еуропа елдері арасында күн мен желден алынатын энергияны ең көп Германия өндірген екен. Содан кейін Швеция, Дания, Венгрия мемлекеттері тұр.