Жаңа Зеландияда су тасқынынан 4 адам көз жұмды
Жаңа Зеландияда жауын-шашыннан кейін үйлер мен жолдарды су басып қалды.
Елдің солтүстік аралдарында тасқын мен лай көшкіні ірі көшелерді шайып кетті. Топан су астында қалған дүкендер мен сауда орталықтарының иелері шығынға баттық деп отыр. Айта кетейік, өткен аптадан бері тоқтаусыз жауған нөсердің салдарынан бірнеше аймақта төтенше жағдай енгізілген еді. Апат салдарынан 4 адам көз жұмған.