Германияда жүк пойызы 2 баланы қағып кетті
Германияның Реклинг--хаузен қаласында жүк пойызы 2 баланы қағып, жүздеген метр жерге дейін сүйреп кеткен.
Салдарынан 1 бала көз жұмды. Тағы біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жас шамасы белгісіз. Тергеу басталды.
Герберт Реул, Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағының Ішкі істер министрі:
- Бұл жағдай неге және қалай болды деген сұраққа қазір тап басып ешкім жауап бере алмайды әрі бұл ештеңені шешпейді. Ата-аналарға осы қайғыны көтере алатындай күш-қуат берсе екен деп тілеймін. Ауруханада жатқан баланың амандығын тілеуден басқа амалымыз жоқ.