Франция миграциялық ережені қатаңдатқалы отыр
Үкімет Ұлттық Ассамблеяға жаңа заң жобасын ұсынды.
Онда елге тұрақты тұруға келгендердің француз тілінен емтихан тапсыруы қарастырылған. Сондай-ақ, шетелдіктерден мемлекеттің гендерлік теңдік, діни сенім бостандығы сынды құндылықтарын құрметтеуін қадағалау ұсынылып отыр. Және елде қылмыс жасаған шетелдіктерді Отанына қайтару мерзімі қысқартылмақ. Биліктің мәселені қайта қарауына Еуропаға ағылған мигранттардың қайта көбеюі себеп. Соңғы дерекке қарағанда былтыр кәрі құрлықта босқын мәртебесін алуға өтініш берушілер қарасы 60 пайызға артқан.
Жеральд Дарманан, Франция Ішкі істер министрі:
- Мәселе миграцияны қолдау немесе оған қарсы тұруда емес. Бұл жерде түйткіл шетелдік азаматтарды қабылдау мен олардың қоғамға бейімделуін реттеп, қадағалауда болып отыр. Үкіметтің миграция туралы заңды жетілдірудегі мақсаты осы.