Ресей банктерінде дағдарыс байқалады
Ресей банктері 2022 жылды төмен көрсеткішпен аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Түсім 200 млрд рубльден әрең асқан. Мамандар бұл соңғы 7 жылдағы ең төменгі көрсеткіш дейді. Мұндай кері кетуге батыс елдерінің Ресей банктеріне қарсы санкция енгізуі себеп. Атап айтқанда, Сбербанк, ВТБ, Альфа-Банк, «Открытие», Промсвязьбанк, Росбанк, Совкомбанк және басқа да қаржы ұйымдарының жұмысына шектеу қойылған еді. Бұдан басқа, санкцияға ілікпеген кей мекемелер шетелде доллар және еуромен есеп-айырысу құқығынан айырылды.