Германияда газ тапшылығы байқалмайды
Германияда газ тапшылығы байқалмайды.
Қатаң үнемдеудің арқасында энергия тапшылығынан құтылдық, дейді жергілікті билік өкілдері. Қазір елге қажетті отын Норвегиядан жеткізіледі. Германияда жаңа қоймаларды салумен қатар баламалы энергия көздеріне ден қойып келеді.
Роберт Хабек, вице-канцлер, Германия экономика министрі:
- Алдағы бірнеше жылда Германияда энергиямен жабдықтау мәселесі толық шешіледі. 2030 жылдан кейін негізгі электр энергиясын өндіре алатын фазаларымыз болады. Дегенмен, олар сутегімен жұмыс істегенде климаттық бейтарап болуы тиіс. Өтпелі кезеңде біз газды қолданамыз. Бірақ мүмкіндік пайда болғаннан кейін көгілдір отыннан бас тартып, сутекке ауысамыз.