Еуроодақ Ресейдің мұнай өнімдеріне бағаның шекті межесін бекетті
Еуроодақ елдерінің елшілері Ресейден келетін мұнай өнімдеріне бағаның шекті межесін бекетті.
Дизельдің баррелі 100, ал мұнай өнімі 45 доллардан сатып алынатын болды. Бүгін бұл шешімді ЕуроОдақ елдерінің Энергетика министрлері кеңесі мақұлдауы тиіс. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен шекті меже ертеңге дейін бекітілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ 5 ақпанда Ресейден мұнай өнімдерін сатып алудан бас тарту туралы заң күшіне енбек. Естеріңізде болса, 5 желтоқсанда Еуроодақ "Үлкен жетілікпен" бірге Ресейдің шикі мұнайын 60 доллар көлемінде сатып алуға уағдаласқан еді.