Еуроодақ Украинаға барлық жағынан көмектесуге уәде етті
Еуроодақ басшылары Украинада арнайы саммит өткізіп, осы елге барлық жағынан көмектесуге уәде етті.
Жақында 2 гигаватт электр энергиясы берілмек. Бұл туралы ЕуроКомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен хабарлады. Сондай-ақ ол Украинаны қалпына келтіру үшін 1 миллиард еуро, гуманитарлық істерге 25 миллион еуро бөлінетінін жеткізді. Оның 500 миллионы әскери мақсатқа жұмсалады. Бұдан басқа, 30 мың сарбаз Еуроодақ елдерінде оқу-жаттығудан өтеді. Брюссель Киевтің Еуроодаққа тез арада қабылдау өтінішін назарға алды, бірақ нақты мерзімі әзірге айтылған жоқ. Ол үшін Украина жемқорлықпен күресті күшейтіп, сот жүйесін реформалап, экономикасын нығайтуы керек.
Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:
- Біз Ресейге қарсы санкциялардың тоғызыншы пакетін дайындап жатырмыз. Ол шамамен 10 млрд еуроны қамтиды. Біз өздігінен ұшатын құралдардағы әрбір бөлшекті терең зерттейміз. Өйткені Ресейдің осындай технологияларға немесе оларды өндіруге қатысының бар-жоғын білуіміз керек. Мәселен, Иранға қатысты жағдайды қазір жіті бақылауда ұстап отырмыз.