Бразилия карнавалға дайындалып жатыр
Бразилия карнавалға қызу дайындық жасап жатыр.
Биыл бұл мерекеге 80 мыңнан астам турист келуі мүмкін. Мамандар "бұл жергілікті экономика үшін рекордты көрсеткіш" дейді. Туристік компаниялардың есебінше, түсім көлемі 900 миллион долларға жетпек. Бұл пандемияға дейінгі кезеңнен бірнеше есе жоғары. Былтырғы карнавалды 55 мың шетелдік қызықтаған болатын. Ал 2021 жылы аталған іс-шара болған жоқ. Өйткені елде ковидтен ауырған саны күрт көбейген еді. Биылғы карнавал ақпанның 17-сінде басталып, 28-інде аяқталуы тиіс.