АҚШ-тың әскери жойғыш ұшағы қытайлық аэростатты атып түсірді
АҚШ-тың әскери жойғыш ұшағы Оңтүстік Каролина әуесінде ұшып бара жатқан қытайлық аэростатты атып түсірді. Осылайша, бүкіл әлем назар аударған оқиға аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шарды сәтті құлатқан авиаторларымызға алғыс айтқым келеді, - деді Джо Байден. Президент өткен сәрсенбіде әуе шарын атуға бұйрық берген болатын. Бірақ Пентагон аппараттың мұхит үстіне шыққанын күтуді ұсынған. Қытай тарапы әуе шары тыңшылық мақсатта ұшырылмағанын айтты. Осы оқиғадан соң Бейжіңге барып, Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарлап отырған мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен сапарын кейінге қалдырды.
Рон Лапман, куәгер:
- Әуеден әскери ұшақтарды көрдім. Кенеттен шарға қарай зымыран атылды. Аспанда үлкен бір жарылыс болды да, шар су үстіне үгітіліп түсе бастады.
Сильвия Комбс, куәгер:
- Шар суға құлай бастады. Мен үшін ерекше бір көрініс болды. Бірақ оны Калифорнияда көрінген кезде бірден атып түсіру керек еді.