Норвегияда электр көліктері сыналып жатыр
Норвегияда электрлі көліктердің қыс мезгіліндегі шама-шарқы сыналып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әуелі қуаттың қанша уақытқа жететіні тексерілді. Өйткені әдетте батареялар суықта тез отырып қалады. Нақты нәтиже нұсқаулықта жазылған мәліметтермен салыстырылады. Мамандар қыста батареяны алдын ала жылытып алған маңызды екенін алға тартады.
Нилс Соедал, Норвегия автокөлік федерациясының өкілі:
- Негізі суық кезде кез келген көліктің жылдамдығы азаяды. Көлікті алдын ала қыздырып қойған да маңызды. Сонда оның батареясы ұзаққа жетеді.