Түркияда 240-қа жуық әуе рейсі кейінге шегерілді
Ыстамбұлда ауа райының қолайсыздығына байланысты 240-қа жуық әуе рейсі тоқтады.
Бұл туралы Turkish Airlines әуекомпаниясы хабарлады. Жексенбі және дүйсенбі күндеріне жоспарланған 72 ішкі және 166 халықаралық рейс кейінге шегерілді. Тоқтатылған рейстер саны алдағы уақытта арта түсуі мүмкін. Бұл тізімде әзірге елімізге қатынайтын және Қазақстаннан Түркияға ұшатын рейстер жоқ. Дегенмен, жолаушылар әуе компанияның веб-сайты мен әуежайдың ресми парақшасы арқылы қадағалап отыруы керек. Бұл ретте Ыстамбұл губернаторы ауа температурасы ноль градусқа дейін төмендейтінін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.