Түркияның Кахраманмараш провинциясында жер сілкінісі болды

Түркияның Кахраманмараш провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болып, 20-ға жуық адам қаза тапты.

Зілзала ошағы Пазаржык ауданында 7 шақырымдай тереңдікте тіркелді. Дүмпу жергілікті уақытпен таңғы сағат 4-тен 26 минут кеткенде басталып, жарты минуттай жалғасты. Оның жойқын  болғаны соншалық елдің 9 аймағында сезілді. Алғашқы зілзаладан кейін дүмпу 22 рет қайталанған. Ал соңғы ақпар бойынша Османие қалсында 34, Шанлыруфада 16 үй қирап, 15 адам көз жұмған. Малатья шаһарында опат болғандар бар. 100-ден аса тұрғын жараланған.  Қазір апат айдандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.  Табиғат апатына байланысты бірнеше провинцияда қауіптің 4-ші деңгейі жарияланды. Афтершоктардың жалғасуы мүмкін екені ескертіліп отыр. Мамандар қазіргі зілзала 1999-шы жылдың 17-ші тамызынан кейінгі ең ірі жер сілкінісі дейп отыр. Ол кезде табиғат апатынан 18 мыңғы жуық адам опат болған еді.