Түркия мен Сирияға әлем елдері көмек жіберіп жатыр

Жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мен Сирияға әлемнің өзге мемлекеттері де көмек көрсетіп жатыр.

Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі зілзаладан жапа шеккен аудандарға 4 ұшақпен аэромобильді құтқару топтарын аттандырды. Бұдан бөлек 40 дәрігерден тұратын аэромобильді госпиталь жөнелтілді. Израиль, Иран, Ирак елдерінен де гуманитарлық жүктер жіберіле бастады. Ирактың Күрдістан аймағынан 25 жедел жәрдем көлігі жолға шықты. Ал Иран елі Сирияға 45 тонна гуманитарлық көмек жеткізді.