Түркияда жер сілкінісі толастамай тұр
Түркиядағы жер сілкінісі толастар емес.
Кандилли обсерваториясының мәліметіне сүйенсек, екі сағат бұрын 500-сейсмикалық толқын тіркелді. Осы себепті төтенше жағдайлар басқармасы апат аймағындағы тұрғындарды қауіп сейілгенше үйлеріне кірмеуге шақырып отыр. Себебі зілзаладан қираған ғимараттар дүмпулерге төтеп бере алмауы мүмкін. Соңғы ақпарат бойынша елде 6217 ғимарат қирады. Аймақта 13 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр.