Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын
Қазақстан Түркия мемлекетіне азық-түлікпен жәрдем беруге дайын. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев мәлімдеді.
Бірақ ол үшін алдымен Түрік ағайындардан арнайы сұраныс түсуі тиіс екен.
Ербол Қарашүкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Дәл қазір бауырлас елге көмек көрсету үлкен сын боп тұр. Ондай қажеттілік туындап жатса көмек көрсету біздің парызымыз және көмек көрсетеміз деп сенімдіміз. Оған енді Түркия тарапынан арнайы сұраныс келіп түсу керек. Қорларымыз бар. Ондай мехнизмдер де бар гуманитарлық көмек көрсететін.