Қазақстандық құтқарушылар Түркияға жетті
Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды.
Енді олар жеке құрамды, техника мен жабдықтарды түсіріп, жергілікті мамандармен бірлесе жұмыс істейді. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін, арнайы учаске бекітілуі тиіс. Қазақстандық топ құрамында 41 адам бар. Атап айтқанда республикалақ жедел көмек жасағының 33 қызметкері мен апат медицинасы орталығының 5 маманы және Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев бастаған ведомствоның үш өкілі. Тағы 1 камаз бен 2 арнайы құтқару көлігі, және медициналық препараттар жеткізілді. Айта кетейік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін, Қазақстан бауырлас елге, алғашқылардың бірі болып, жәрдем беретінін жеткізді.