Ресейде мұнай зауытынан өрт шықты

Ресейдің Кстово округінде мұнай зауытынан өрт шықты. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, жанармай қондырғысы жанып кеткен.

Қазір тілсіз жаудың негізгі ошақтары ауыздықталды. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді. Өрт қауіптілігі жағынан, үшінші деңгейге жеткен. Лапылдаған оттың шығуына, құрыл-ғыдағы ауа қысымының төмендеуі себеп. Дегенмен, жарылыс қаупі жоқ. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда.

Сондай-ақ...