Түркияда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Түркия Төтенше жағдайлар агенттігінің мәліметі бойынша, өкінішке қарай, жер сілкінісінен опат болғандар саны 6 234 адамға жетті.
Ал зардап шеккендер – 38 мыңға жуықтайды. Елдің оңтүстігінде құтқару жұмыстары екінші түн жалғасып жатыр. Алайда, ауа райының қолайсыздығы іздестіру-құтқару жұмыстарына кедергі келтіруде.
Айта кетейік, ел президенті Режеп Тайип Ердоған апат болған 10 провинцияда 3 айға төтенше жағдай жариялады.