Түркияда қаза тапқандардың саны 10 мыңға жуықтады. LIVE
Өкінішке орай ажал құшқандар саны әлі де ұлғайып жатыр.
Жаңа ғана Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың саны 9557 екенін айтты. Жарақат алғандар да 40 мыңға жуықтаған. Нақтырақ айтқанда, 38 224. Министрдің сөзінше, апат аймағы- мыңға жуық шақырымды қамтиды. Тап осы аймақта 13,5 миллион халық өмір сүреді. Осы уақытқа дейін 684 рет әртүрлі баллды афтершоктар болған. Бұл дүмпулер зақымдалған ғимараттың одан сайын күйреуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан, жергілікті әкімшілік- тұрғындарды арнайы маман барып тексергенге дейін кірмеуге де жақындамауға шақырып отыр. Төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдеуінше, жер сілкінісі аймағында 50 мыңнан астам палаткалар құрылған. Онда зілзаладан зардап шеккен тұрғындар орналастырылмақ. Бұдан бөлек, Ыстамбұл биржасының транзакциялардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
Айта кеткен жөн, тап қазір ел президенті Режеп Тайып Ердоған, қос зілзаланың болған Қархраманмараш провинциясына жолға шықты. Мемлекет басшысы бірінші қала орталығына барып, жағдайды өз көзімен көргеннен кейін қиранды ғимараттың ең көп шоғырланған жерлерінің бірі Пазажык ауданында барады.
Мурат Курум, Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі:
- 55 сағатымызды аяқтадық. 7,7 баллдан кейін біз 7,6 баллдық екінші жер сілкінісін бастан өткердік. Күрес ең сезімтал және қарқынды түрде жалғасуда. Измирдегі жер сілкінісінің 110-шы сағатында үйінді астынан сәбилеріміз бен балғындарымызды алып шықтық. Мұнда да іздестіру-құтқару жұмыстарын осы мотивациямен табанды түрде жүргізіп жатырмыз.
Өкінішке орай, Хатай провинциясында екі қандасымыз үйінді астында қалып қойған. Олар, Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Есімдері Нұрай және Бушра Қазақ. Тап қазір қаракөздерімізге көмектесу үшін Ыстамбұлдан бір топ еріктілер шыққан.