Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтады
4 мыңдай адам жарақат алды.
Апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары күні-түні жүріп жатыр. Бірақ жолдардың нашарлығы және техника тапшылығы кедергі келтіруде. Осымен бірге күннің суық болуы және арнайы дайындалған құтқарушылардың жетіспеушілігі де қолбайлау болып тұр. Іздестіру шараларымен негізінен азаматтық қорғаныс қызметінің мамандары мен еріктілер айналысып жатыр.
Абада Зикри, құтқарушы:
-Біз 50 сағатқа созылған іздестіру-құтқару жұмыстарынан кейін үйінділер астынан тірі қалған ер адам мен бір қыз баланы алып шықтық. Идлибте жер сілкінісінен 700-ге жуық үй мен ғимарат қираған. Біз халықаралық қауымдастық пен барлық гуманитарлық ұйымдарды елімізге қолдау білдіріп, жан-жақты көмектесуін сұраймыз.