Boeing 2 мың жұмысшысын қысқартады

Boeing 2 мың жұмысшысын қысқартады

Америкалық «Боинг» компаниясы 2 мың қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл кәсіпорынның ішкі жұмыс процесін жетілдіру мақсатында қолға алынбақ. Қысқарту компанияның қаржы және кадр бөлімдерінде жүргізілмекші. АҚШ Ұлттық экономика және бизнес қауымдастығының өкілдері алдағы уақытта өзге де америкалық компанияларда қысқарту болады дейді. Себебі экономикалық ахуалдың нашарлауынан кәсіпорындардың шығыны артып, кірісі азайған. «Microsoft» компаниясы осы себептен биыл 10 мың қызмкеткерін қысқартады.