Чилиде бір апта бойы орман өрті өршіп тұр
Тілсіз жау 300 мың гектар ауданға тарап кеті. Апаттан 20-дан аса адам опат болып, 2 мыңдай адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
1 мыңнан аса тұрғын үй күлге айналды. Үкімет елде төтенше жағдай тәртібін жариялады. Орман өртіне аптап ыстық себеп болған. Дегенмен билік өкілдері бұған адамның қатысы да болуы мүмкін дейді. От салды деген күдікпен 11 адам қамауға алынғаны белгілі. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен тынбас арпалысса да, ол ырыққа көнбей отыр. Осыған байланысты Чили үкіметі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.