Түркиядағы қазіргі ахуал. LIVE

Енді Түркияның өз басындағы жағдайға келейік. Мұнда опат болғандар саны 14 мыңнан асқан. Зардап шеккендер 63 800-дей.  Бұл туралы мемлекет  басшысы Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді. Ең қиыны, бүгін Кахраманмараш қаласынан 44 шақырым қашықта тағы жер сілкінген. Зілзаланың қуаты – 4,8 балл.