Түркияда үйінді астынан адамдар табылды
Бірер минут бұрын жаңа ақпарат келіп түсті. Түркияның оңтүстік-шығысында Кахраманмарашта 80 сағат үйінді астында жатқан 2 адам құтқарылды.
7 қабатты қираған үйден аман қалғандар полиция қызметкері мен оның қызы екені анықталды. Сонымен қатар Элбистан қаласында бүгін тағы бір қарт кісі табылды. Ол 72 сағат бойы үйінді астында 15 градус суықта жатқан. Әйелдің мойнына зақым келіпті. Ол ауруханаға жеткізілді. Зілзаладан оның жолдасы мен балалары опат болған. Ал мына кадрларда 68 сағаттан кейін құтқарылған 2 баланы көруге болады. Оны Ыстамбұлдан келген құтқарушылар көрпеге орап, ауруханаға жеткізді.
Айта кетейік, шет елдерден көмекке жүздеген құтқарушы келсе де, күннің суықтығы және жиі қайталанып жатқан жер тербелістері құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр, - дейді мамандар.