Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мыңға жуықтады
Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мыңға жуықтады.
Тағы 5 мыңнан аса адам жарақат алған. 12 жылға созылған соғыстан елдегі инфрақұрылымның тас талқаны шыққан. Бұның барлығы құтқару жұмыстарына қиындық келтіруде. БҰҰ елге гуманитарлық көмек жеткізе бастады. Алайда ұйым өкілдері жолдардың нашарлығынан тұрғындарға қажетті көмекті көрсете алмай отыр.