Үйінді мен үміт. LIVE

Жер сілкінісі болған Газиантеп қаласында соңғы дерек бойынша екі жарым мың тұрғын қаза тапты.

12 жарым мыңы жарақат алған. Біздің меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат апат аймағында жүр. Қазір ол бізбен тікелей эфирге шығуға дайын. 

Исмаил Сүндік, Газиантеп провинциясы губернаторының орынбасары:

- Оқиға орнында іздестіру құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстанннан келген құтқарушылардың кәсіби шеберліктері жоғары. Олар бірнеше кісіні үйінді астынан алып шықты. Алдағы уақытта да бірігіп жұмыс істейтін боламыз. қазақ бауырларға алғыс айтамын.