Түркия опат болғандар саны 18 мыңнан асты
Түркияның Хатай провинциясында 90 сағат үйінді астында жатқан тағы екі адам құтқарылды.
5 жасар қыз бен оның әкесі дін аман. Ел Президенті Режеп Тайип Ердоғанның соңғы мәлімдемесі бойынша опат болғандар саны 18 мыңнан асты. Ал жараланғандар - 75 мың. Жалпы жер сілкінісінен 6 мыңнан аса ғимарат қирап, 13 млн тұрғын зардап шекті. Апат аймағында 90 күн мерзімге «төтенше жағдай» режимі енгізілді. Елде апат құрбандары үшін 7 күндік Жалпыұлттық аза тұту жарияланды.