Өзбекстанда оқушылар кәсіп иесі атанады
Өзбекстанда оқушылар мектеп қабырғасында жүріп, дайын маман болып шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Білім ошақтарында 60-тан аса кәсіпті оқыту басталады. Ел билігі осындай шешім қабылдады. Тізімде диқан, аспаз, жиһаз жасаушы, ісмер, бағдарламашы және құрылысшы сынды нарыққа қажетті сан түрлі мамандық бар. Енді мектеп бітірген түлек жұмысшы мамандығын игеріп шығады. Жаңа жобаны 120-дан аса мектепте жүзеге асырады. Ірі кәсіпкерлер де бастаманы қолдап, мектептерді арнайы құрал-жабдықпен қамтуға кірісті.
Комилжон Мұсаев, Өзбекстан Халық ағарту министрлігі кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы:
- 2023-2024 оқу жылынан 126 мектепте кәсіптік оқытуды бастаймыз. Ондағы оқушылар дайын маман болып шығады. Қолдарына сертификат алып, қалаған жерге жұмысқа орналасады. Бұл балаларды жастайынан еңбекке баулуға көмектеседі. Мемлекет осыған мектеп қабырғасынан жағдай жасайды.