Түркия мен Сирия: зілзала құрбандарының саны 24 мыңнан асты
Түркия мен Сирияда зілзаладан көз жұмғандар саны 24 мыңнан асты. Зардап шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік өкілдері Түркияда қаза тапқандар 20 300-ге жуықтады, 80 мыңнан астам адам жараланған деп отыр.
Сирияда да жағдай қиын, жер сілкінісі құрбандарының саны 3600-ге жуықтады. 3,5 мың тұрғын зардап шеккен. Түркия билігі 12 мың ғимарат қирағанын мәлім етті. 1 млн-ға жуық адам уақытша орталықтарға орналастырылған. Апат болған аймақта ғимараттарды салған және қабылдап алған жауапты адамдарға қатысты тергеу басталып, күдіктілерді қамауға алып жатыр. Бұл жайында Түркияның Әділет министрі Бекир Боздағ мәлімдеді.
Қазір Түркия мен Сирияда 120 мың құтқарушы көмек көрсетіп жатыр.