Үйінділердің астынан тірі адамдар әлі табылып жатыр

Түркия мен Сирияда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Зілзала болғанына 7 күндей өтсе де үйінділер астынан тірі қалғандар табылып жатыр.

Хатай қаласында құққарушылар қираған үй астында 133 сағаттай жатқан 2 айлық нәресте мен Исра есімді 7 жасар қызды аман алып шықты. Тағы бір ауданнан бір бойжеткен құтқарылды. Алайда кей тұрғындар іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техника мен құтқарушылар жетіспей жатқанын айтады.

Тұғрыл , құтқарушы:

- Біз бұл қызды құтқаруды сағат күндізгі 12-ден бастаған едік. Құдайға шүкір үйінді астынан аман есен шығарып алдық. Қазір басқа жерлерді тексеріп жатырмыз.

Сирияда да қираған үйлер астынан тірі қалғандар табылып жатыр. Кеше Африн қаласында құтқарушылар жылап жатқан баланы аршып алды. Ал Латакия қаласында 9 жасар Фатмех есімді қыз құтқарылды. Бірақ жеткіншектің әке-шешесі мен апасы көз жұмған. Кішкентай қыз адамдардың өзін қалай шығарып алғаны жайлы былай дейді.

Фатмех Исса, құтқарылған қыз:

- Құтқарушылар менің апамның үстіндегі кірпіштерді ала бастағанда олар менің үстіме қарай құлады. Содан ағамның абайлаңдар деп ағай салғанын естідім. Құтқарушылар мені шығарып алу үшін үйінділерді бір сағат тазалады. Қазір аяқ, қолымды қозғалта алмаймын.