Армения Түркиямен шекарасын 35 жылдан кейін ашты
Армения Түркиямен 35 жыл бойы жабық болған шекарасын ашты.
Шешім зілзаладан жапа шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін қабылданған. Бірінші болып Түркияға 100 тонна жүк жөнелтілді. Бұдан бөлек апат аймағына тағы 28 құтқарушы мен арнайы техника аттандырылды. Қос мемлекет арасындағы шекара қарым-қатынастың шиеленісуіне байланысты жылдар бойы жабық болған.