Түркияда әкесі мен қызы құтқарылды
Түркияның Хатай қаласында құтқарушылар үйінді астынан тағы бір ер адам мен оның 5 жасар қызын аман алып шықты.
Олар қираған үйде 140 сағаттан арттық болған. Құтқарылғандар бірден аурухана жеткізілді. Дәрігерлер екеуінің өміріне қауіп жоқ екенін айтады. Апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сарапшылар үйінділер астынан тірі қалғандарды табу мүмкіндігі азайып бара жатыр дейді.