НАТО Бас хатшысы қызметінен кетеді

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг қызметтен кетеді.

Ол жұмыс орнын биыл қазан айында босатуы тиіс. Бұл туралы оның баспасөз өкілі мәлімдеді. Бұған дейін Столтенбергтің  мандаты 3 рет ұзартылған. Халықаралық ұйымды 9 жыл бойы басқарып келеді.

«Сондықтан оның қызметін  тағы  жаңа мерзімге созу қажеттілігі жоқ», деген мәлімдеме жасалды. Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Столтенберг биыл наурызда 64 жасқа толады.