Жаңа Зеландияда дауыл күшейіп келеді

Солтүстік аймақтарға «Габриэль» циклоны ауыр соққы берді. Елде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде ірі көшелерді су басып, кей аудандарда лай көшкіні жүрген. Жолдар жабылып,  көптеген үйлерде жарық сөнді. Қазір қауіп төнген аймақтардан адамдарды көшіріп жатыр. Соңғы деректерге қарасақ, дауыл Оклендтен солтүстік-шығысқа соққан еді, қазір циклон оңтүстік-батысқа қарай бет алды.  Ел тарихында төтенше жағдай осымен 3-ші рет жарияланды. Алғаш рет 2011 жылы 6,3 балдық жер сілкінгенде және пандемия кезінде жағдай қиын болған.