Үндістанда алғаш рет литий металының кеніші табылды
Джамму және Кашмир штатының аумағында табылған кеніштің қоры 6 млн тоннаға бағаланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл Үндістанның электромобильдер өндірісін дамыту бойынша жоспарын жүзеге асыруға үлкен көмек болмақ. Осыған дейін литийді Аргентина мен Австралияда сатып алатын. Электр көліктері, ұялы телефондар мен түрлі құрылғыларды қуаттағыштарын шығару үшін қолданылатын бұл металлды ХХІ ғасырдың мұнайы деп атап жүр. Оны негізінен Литий үшбұрышы аталған Чили, Боливия мен Аргентинада шығарады.