АҚШ-тың Мичиган штатында атыс болды
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жергілікті жоғары оқу орнындағы оқыс оқиғадан 3 адам қаза тапты.
Тағы бесеуі жараланған. Атыс университеттің жатақхана маңындағы спорт орталығында болған. Полиция адамдарға оқ жаудырған күдіктінің денесі табылғанын хабарлады. Қара нәсілді, орта жастағы ер адам өзіне қол жұмсапты. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Қазір университет студенттеріне сақ болу ескертілді.