Алмазбек Атамбаевқа елден шығуға рұқсат етілді
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа денсаулығына байланысты елден шығуға рұқсат етілді.
Ол 2020 жылы 11 жылға сотталған еді. Оған "қылмыс әлемінің беделді өкілі Азиз Батукаевты темір тордан заңсыз босатуға қатысты бар- деген де айып тағылды. Алайда жаңадан ашылған мән-жағдайларға байланысты бұл іс қайта қаралуға жіберілді. Айта кеткен жөн, Алмазбек Атамбаев 2011-2017 жылдары мемлекет басқарған. Ол 2019 жылы арнайы операция кезінде қамауға алынды. Туыстары экс-басшының денсаулығында кінарат барын айтып талай мәрте шағымданған еді. Бұған дейін оны Ресейдегі клиникаға емделуге шақыртқан. Алайда бұған рұқсат берілген жоқ.